Мимика — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мимика (гр. μιμιχοζ,mіmіkos — еліктеушілік) – бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы, адамның ішкі сезімін, көңіл-күйінің әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру, ашулану, т.б.) білдіретін бет — әлпеттің мәнерлі қимыл-өзгерісі.[1]
Театрда, Сахнада[өңдеу]
Театрда кәсіби мақсаттағы Мимика актерден қоршаған ортаны, адам мінезін әрдайым зерделеп, зерттеп, меңгеруді талап етеді. Мимиканың бейнелілігі актердің ұзақ шығарм. ізденісінен туады. Актерлік өнердің маңызды құралы Мимика көз, бет — әлпеттің ойнақы қимылы арқылы кейіпкердің әр алуан көңіл — күйін көрсете алуымен сипатталады.
Кейіпкердің келбетін айқындай түсу үшін Мимиканы гриммен күшейтеді. Өте жақсы жасалған Мимика сахна сөзінің мағынасын тереңдете түседі. Әсіресе актер кейіпкердің ішкі сезімін үнсіз білдіргенде және басқа кейіпкерлердің сөздеріне немесе әрекеттеріне орай үндемей әрекет жасаған сахналық көріністерде Мимика ерекше айқын көрінуі тиіс.
Мимика өнерінің танымал шеберлері деп Д. Каррик (Англия), Б.К. Коклен, Сара Бернар (Франция), Э.Дузе (Италия), М.С. Щепкин, Ф.И. Шаляпин, В.И. Качалов (Ресей), ұлттық театр өнерінің шеберлері Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Қ.Сұлтанбаевтарды, т.б. айтуға болады. Пантомима орындаушыларының өнері де Мимикаға негізделеді.[3]
Педагогикада[өңдеу]
Кей жағдайда мұғалімнің Мимикасы оқушыларға оның сөзінен гөpi қатты әсер етеді. Балалар мұғалімнің бетінен оның көңіл-күйін, қарым-қатынасын біледі. Сондықтан педагог балаларға мимика арқылы іске қатыстыны ғана білдіре алуы қажет.
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын — Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. — 482 б. ISBN 9965-808-85-6
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 6 том
kk.wikipedia.org
Эмоция — Уикипедия
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Адам эмоцияларын бейнелейтін он алты гравюралар, 1821 жылЭмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.
Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.[1]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2006. — 384 бет. ISBN 9965-409-98-6
» Мимика » сабақ жоспары
Родниковка орта мектебі
Ашық сабақ
Бейнелеу өнері. 2-сынып
Тақырыбы: «Портрет. Бет әлпет. Мимика»
Пән мұғалімі: Гадилшина Г.А.
2016 жыл
Бейнелеу өнерінің негізгі жанрларының бірі – портрет туралы оқушыларға толық мәлімет бере отырып, түсінік қалыптастыру.Сурет салудың заңдылықтарын меңгерту арқылы адамның бет әлпетінің әр түрлі кейпін, пішінін дұрыс салу жолдарын үйрету. Оқушыларды көзбен елестете біліп, дұрыс бейнелей білуге баулу. Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелей келе, эстетикалық тәрбие беру.1. Логикалық ойын ойнау арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру.
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау
3. Проблемалық сұрақтарды шешуге итермелеу арқылы СТО
Күтілетін нәтиже
1. Портрет жайлы ұғым, білімінің негізін қалау.
2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыларды үйлестіру туралы өздерінің білімдерін кеңейту
3.Жаңа түсінікті пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру
Тапсырмалар
Бейнелеу өнері оқулығы.
Сабақтың көрнекілігі
әртүрлі суреттер, схемалар, түрлі қарындаштар, өшіргіш,дидактикалық материалдар.
Сабақтың әдісі:
баяндау, практикалық
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.
Оқушыларды ұйымдастыру, / сәлемдесу
Психологиялық дайындық: Қуанамын мен де
Қуанасың сен де
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге
Сто сұрақтары
Сабақ барысында жасалған мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-Мақсаты
-оқушы ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу
-тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу
Оқушыға берілген сұраққа жауап беру үшін қосымша уақыт алуына мүмкіндік беру
Оның өзара қарым-қатынастан алар пайдасын бақылау
Ауызекі сөйлеу дағдысы жетілген балалармен қарым-қатынас жасауына, олармен түрлі тақырыпта диалог құруына жағдай жасау.
Сын тұрғысынан ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қан-дай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады?
Мұғалімнің іс-әрекеті:
— оқушыларды топқа бөлу
-әрі қарай не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету
1 — топ
1 Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
2 Пейзаж деген не?
2 -топ
1 Фон дегеніміз не ?
2 Натюрмаорт дегеніміз не ?
3- топ
1 Тақырыптық сурет дегеніміз не ?
2 Портрет туралы өз ойыңды айт
Балалардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру үшін ойын ойнату.. -Қане, балалар бәріміз де көзімізді жұмып, өзімізді мектепте емес, ну орманда жүрміз деп
елестетейік. Жан-жағымызда әр түрлі талдар, сол жақта ақ қайың, оң жақта шырша, емен,
артымызда қарағай,шетен.Не деген керемет талдар! Елестеттік пе? Енді көзімізді ашып
тыңдаймыз. Бұл сиқырлы орман, әр тал-жеке адам.Өзіне тән мінезі бар, өзіне тән келбеті бар. Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсыңдар?
Біздер бүгін мейірімді сиқыршылармыз. Бәріміз бірігіп орманның сиқырын ашып көреміз.
Олай болса, сендерге бірінші тапсырма адамның бейнесін бейнелейтін шығарма қалай аталады?
-Портрет.
-Ендеше бүгінгі сабағымыз
ІІ мағынаны тану
«Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма.
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3- ке бөлінеді.
1. Иық бөлігіне дейінгі портрет.
2. Бел бөлігіне дейінгі портрет.
3. Толық фигуралы портрет.
-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар.Ол әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен
суреттеу арқылы да беруге болады.
«Түкті қабақ жауып түскен көзіне
Тікенектей түк шығып тұр жүзіне
Қырлы мұрын,қырмызы ерін,қап-қара
Ұшқын шашып ойнап тұр көзіне.»
Бұл -өлеңмен берілген портрет.
Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Хамит-ұзын бойлы,жауырынды,тіп-тік,сұр жігіт. Қырша мұрынды,шүңіректеу қара кер тобылғы көзді,қырқып жүретін сақалы,мұрты бар.Жасы 25-26 шамасында».
Бір адамның бет әлпеті түрлі болып өзгеретінін білесің бе?Мына қыз балаға қарашы. Оның бет әлпеті қалай өзгереді! Ал бет әлпеті өз ерекшеліктерін сақтай отырып, пішінін өзгертеді. Өз достарыңның, ересек адамдардың әр түрлі көңіл күй үстіндегі бет әлпетін бақыла. Адамдар мұңаяды, қуанады, таңданады, ашуланады және ой үстінде болуы мүмкін. Адамның көңіл күйі өзгергенде, оның бет әлпеті де өзгереді.
Адамның бет әлпетіне қарап оны кітаптағыдай оқуға болады. Бұл – шындық. Сен жаңа ғана бөтен адамды танымай-ақ олардың көңіл күйін дәл таптың. Суретші болғандықтан әр түрлі көңіл күйдегі: қуанышты, мұңды кейіптерді салғың келеді. Мұны үйрену үшін адам беті мимикасының ерекшеліктерін жақсы білу қажет.
Мимика – адам бет әлпетінің қимылы. Сонымен бірге көңіл күйдің айнасы. Адам қуанғанда күледі, сол кезде еріндері созылып, езуі жоғары көтеріледі. Ал көздері қысылып, күлкі шуағын шашады. Мұны айна алдына барып тексеріп көруіңе болады.
Адам мұңайғанда оның жүзінен күлкі жоғалып, ерні салбырап, езуі төмен түседі. Қастарының ортасы жоғары көтеріледі. Көзі дөңгелене қалады.
Ал ашуланғанда қастары бір-біріне жақындап, еріндері берік жымдаса түседі. Мұндай адам ешкімге ұнамайды.
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсе-не қатыстыру
-оқушылармен бір-лесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
Сурет салу, тапсырма орындау. 1 Тапсырма
Әр топқа әртүрлі заттың суреті (боялмған,әртүрлі пішінді суреттер)бейнеленген суреттер және А3 форматты қағаз таратылады.
Берілген суреттерді қиып қағазға дұрыс орналастырып желімдеу және бояу талап етіледі.
Қағаз бетіне заттарды дұрыс орналастырып болғаннан кейін
Бір-біріне өз идеяларын айтып , топпен қорғайды.
Практикалық жұмыс
1- қатар көңілді адамды
2- қатар ашулы адамды
3- қатар адамның таң қалған кезін көрсету.
Ой-толғаныс
-сабақта үйренген-дерін бекіту, қолдану жолдарын беру
1. Портреттің салу ережесін айт?
2. Сурет салған кезде басты нешеге бөлеміз?
3. Көзді қалай салу керек?
4. Құлақты қалай өлшеп саламыз?
5. Сіздер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
Бағалау түрлері
Суреттер тақтаға ілініп, критерийлер бойынша бағаланады
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу…
-өз пікірін дәлелдеу…
-үйде жалғастыру…
Үйге тапсырма беру:
Келесі сабаққа альбом, қарындаш, бояулар, палитра әкелу.
Балалар сабақ бойы білгендерін, танысқандарын қорытындылай келе айналадағы қоршаған заттарды сезіне білуді үйренеді. Үйде түстер туралы білгендерін толықтырып келу тапсырылады.
infourok.ru
Жест, ым және қимыл тілі./пантаномика/
сынып
1-сабақ. сыныбы______________ мерзімі_____________
Сабақтың тақырыбы : Жест, ым және қимыл тілі./пантаномика/
Шығармашылық ойындар : « Айна », «Ертегіні бейнеле »,әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу »
Сабақтың мақсаты:Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынас орнатуға ,дайындық жағдайында қоршаған ортамен байланыстыру
Білімділік,икемділіктер ,дағдылар: ым және қимылдың қатынастағы ролімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Сөздік: Ишарат қимылы—мимика пантаномика.
Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру
Сабақтың түрі: ойын терапиясы.
Ойын материалы:Әр-түрлі ишараттар мен қимылды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалары, суреттері ,
Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.
ІІ.Кіріспе : әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу ». Баланың қимылды қайталауын бақылау.
ІІІ.Жаңа сабақ
1.Тренинг Мен қандаймын ?
Мен-тілалғышпын,
Мен- қайрымдымын,
Мен –үлкенді сыйлаймын ,
Мен –кішіге қамқормын,
Мен –күштімен,
Мен-ептімін,
Мен –бәрінен де мықтымын !
2.Ойын « Айна »Әр-түрлі қимылды шатастырмай тез орындауын ,оқушы көңіл-күйінің көтерілуін қадағалау.
3.Дидактикалық ойын :Ертегіні бейнеле. «Шалқан » ертегісі
Оқушының әр-түрлі ертегі кейіпкерін дыбыспен ,қимылмен ажыратып айта отырып ертегі мазмұнын түсіндіру.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :
Бүгін қандай ойындар ойнадық ?
Саған сабақ ұнады ма?
Онда әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасуды » қайталайық.
Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.
videouroki.net
Қарым – қатынас туралы ұғым
«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК
Педагогика , психология және эстетикалық пәндер циклі
«Жаһандану жағдайында білім және ғылым: даму тенденциялары»
атты колледжішілік семинар
А Ш Ы Қ С А Б А Қ
Өткізген: Қайранова А.Ж.
Педагогика және психология пәнінің оқытушысы
Бейнеу, 2016ж
Күні: 23.02.16
Тобы: МБ -92
Пәні: Психология
Тақырыбы: Қарым – қатынас туралы ұғым
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: білім алушылардың психология пәні бойынша қарым- қатынас туралы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра түсіндіру, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға баулу, шығармашылыққа бейімдеу
Тәрбиелік: студенттердің белсенділігін арттыру,топпен жұмыс жасау арқылы бірін –бірі сыйлауға, ізгілікке, ұжымшылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеу
Типі: жаңа білімді меңгерту
Түрі: практика
Әдісі: іздендіру, түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап, талдау, салыстыру,ой – толғау
Пәнаралық байланыс: жалпы педагогика, жалпы психология,дефектология
Көрнекілігі: техникалық құралдар, слайд, интерактивті тақта, оқулықтар,фишкалар,тілек ағашы,маркелер,кілей,стикерлер
Қолданылған технология: ойын технологиясы, Шаталовтың тірек-сызба технологиясы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Студенттермен амандасу,түгендеу, көңіл –күйлерін сұрау
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ жүрісі
Қарым – қатынас туралы ұғым
Қарым – қатынас дегеніміз біріккен іс- әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы үрдіс. Адамдардың танымдық хабарлар алмасуы, өзара түсінісуі, бір –бірін қабылдауы
Қарым – қатынас — тұлғаның қалыптасуының ең маңызды факторларының бірі болып табылады. Ежелгі Греция мен Ежелгі Римде қарым – қатынас мәселесі шешендік өнер, эвристика және диалектика саласында зерттелді. И.А.Зимняяның айтуынша қарым – қатынас XX ғасырдағы жаңа мәселе. Қазіргі кезде қарым -қатынас мәселесі философия, әлеуметтану, әлеуметтік лингвистика, психолингвистика, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогика, педагогикалық психология салаларында зерттелуде. Қарым– қатынастың тұлғаның дамуындағы маңызды орнын психологтар В.Г.Ананьев, А.А.Бодалев, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Ф.Ломова, А.Р.Лурья, В.Н.Мясищев, А.В.Петровский зерттеген.
Кіші мектеп жасында қарым-қатынастың балалардың жеке тұлға ретінде дамуында алатын орнына, рөліне және қарым-қатынастың даму ерекшелігін анықтауға арналған зерттеулер ғылыми негізін А.В. Запорожец, Д.Б. Эльконин, Л.И. Божович, Х.Т. Шерьязданова және т.б. қалаған.
Оқушылардың қарым-қатынас проблемасының әртүрлі аспектілерін Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, Е.И. Головаха, А.Б.Добрович, А.А. Бодалев, И.С. Кон, Л.А. Петровская, В.В.Столин, Н.И. Шеврандин, Л.Д. Стрляренко, Қ.А. Айдарбеков, Т.М. Шалғынбаев т.б. ғалымдар зерттеген. Қарым-қатынастың бұзылу себептерін анықтап, оны түзету жолдарын ұсынғандар Э. Берн, Дж.Морено, Д. Карнегин.
А.Н.Леонтьев ic-әрекеттің кай түрі болмасын қарым-қатынаспен кабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.
Ал отандық ғалым С.М.Жақыпов бүтіндей оку-тәрбие үрдісінің тиімділігін анықтайтын факторлардың бipi және оқытушы мен оқушының арасындагы өзара әрекеттестік деп бірлескен диалогтық, танымдық, іс-әрекеттік тиіміділігінің критерийі деп көрсетеді. Мұнда өзара әрекеттестік, карым-катынас мәселесі шешілгенде танымдық іс-әрекетті калыптастыру үрдісіне жетекшілік жасауға мүмкіншілік пайда болатындығы дәлелденеді.
Қарым — қатынастың келесі аспектілері болады:
Қарым-қатынастың әдіс – құралдарына мыналар жатады: тіл, суреттер, сызбалар, бейне таспалар, механикалық, магниттік, лазерлік жазба құралдар
`
Қарым – қатынастың типтері:
Манипулятивті қарым -қатынас –партнеріне өзінің іштей мақсаттарын жасырын түрде жүзеге асыру үшін жасалынатын қарым-қатынас түрі. Қарым-қатынастың бұл түрі, әсіресе, бизнес, іскерлік қарым-қатынаста әбден орынды болғанымен, достық, жолдастық, сүйіспеншілік саласында орынсыз
Диалогты қарым-қатынас – біріккен таным мен партнер арасындағы өзіндік танымды мақсат еткен бірдей құқықты субъекті өзара әрекет. Диалогты қарым – қатынастың ерекшелігі – эгоцентризмнен, өзіндік ұстанымнан альтруизмге, өзгеге, басқаға бағытталған ұстанымға көшу
Императивті қарым — қатынас – авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады
Іскерлік қарым-қатынас — тұлға ерекшелігі, мінезі, жасы, көңіл — күйі ескеріледі, бірақ ең бастысы істің орындалуы.
Рухани — жеке тұлғааралық — бұл достардың, туыстардың қарым-қатынасы. Әр түрлі тақырып қозғалады.
Мұғалім қарым-қатынас стилдері
Қарым – қатынас формалары:
Жест – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа қол – аяқтың қимылдары арқылы көрінуі.
Мимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа бет — әлпетінің қимылы арқылы көрінуі
Пантомимика – адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа дене қалпының қозғалысынан, позасы мен жүріс – тұрыстарынан көрінуі
Тұлға аралық кеңістіктегі қарым-қатынас дистанциялары:
Түрлі жағдайлардағы бір-біріне жақындасу нормасы:
— 0-45 см. Жақындық ара қашықтығы (ерлі зайыптылар, достар, туыстар).
— 45-120 см. Тұлғааралық қашықтық (әріптестер, таныстар).
— 120-400 см. Әлеуметтік ара-қатынас (мұғалім мен оқушы, сатушы және сатып алушы).
— 400-750 см. Қоғамдық дистанция.
Бекіту: «Ұтымды бағалар»
Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар болады, топ бойынша ұяшық таңдаймыз, ұяшық ішінен сұрақ шығады,сұраққа жауап береміз.
Қарым- қатынас дегеніміз не?
Венн диаграммасы
Императивті Манипулятивті
қарым –қатынас
қарым -қатынас
Қарым – қатынас аспектілерін ата?
Коммуникативті, интерактивті, перцептивті қарым – қатынасты ата?
Іскерлік қарым –қатынас дегеніміз не?
Рухани — жеке тұлғааралық қарым – қатынас дегеніміз?
Мимика дегеніміз не?
Жест дегеніміз не?
Вербальды қарым – қатынас дегеніміз?
Тікелей, жанама қарым –қатынасқа анықтама беріңіз.
Семантикалық карта
ЖауапСұрақ
Марк Аврелий
Авторитарлы (әміршіл) форма, партнердің мінез – құлқын, ойын, пікірін бақылау, қатынастағы оны белгілі әрекет пен шешімге күштеу мақсатымен жүзеге асырады.
Авторитарлық, демократиялық, либеральды
«Адамдар бір-бірі үшін өмір сүреді» деген ғалым?
Императивті қарым – қатынас дегеніміз?
Мұғалім қарым-қатынас стилдерін ата.
ЖауапСұрақ
Оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды
Ежелгі Греция мен Ежелгі Рим
адамның сезімдері мен эмоцияларының сыртқа дене қалпының қозғалысынан, позасы мен жүріс – тұрыстарынан көрінуі
Авторитарлық стиль дегеніміз?
Қарым – қатынас мәселесін шешендік өнер, диалектика саласында қай елде зерттелді?
Пантомимикаға анықтама бер
Тренинг: «Жағымды сөз»
Студенттер дөңгелене отырады. Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді, Айдар «рахмет!» деп келесі балаға бұрылып: «Фатима, маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді, одан әрі Фатима рахмет айтады да келесі балаға бұрылады. Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. Тренингті жақсы сөз жарым ырыс, өзгеге жақсылық жасасаң өзіңе келеді, әрқашан бір- бірімізбен жақсы, жағымды қарым- қатынаста болайық деп аяқтаймыз.
Үйге тапсырма:
Студенттердің қарым –қатынас жасау ерекшеліктері туралы мәлімет
Әдебиеттер:
Қ. Жұмасова- « Психология»
Т. Алдамұратов – «Психология»
«Психология» энциклопедиялық сөздік
infourok.ru
Имидж — Уикипедия
Имидж (ағылш. image — бейне, бейнелеу) — өнер ретiнде мақсатты түрде адамның өзiн, не бұқаралық ақпарат арқылы белгiлi бiр зат немесе адам жөнiндегi керек мәлiметтi бейнелеп керсету.[1]
- іскер адамның бет-бейнесі‚ оның қоғамдағы беделі. Мұның өзі нарықтық қатынас жағдайында кәсіпкер бизнесінің дамуына тікелей ықпал етеді;
- фирманың‚ тауарлардың‚ көрсетілетін қызметтердің‚ сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі. Фирманы тұтас мүліктік кешен ретінде сату кезінде имидж субъектінің сату (сатып алу) бағасы мен баланстық құны арасындағы айырма ретінде бағалануы мүмкін. Оң айырма – “гудвилл”‚ теріс айырма – “бэдвилл” деп аталады.[2]
Oғaн жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердiң құрамдас бөлiгi және бедел мен абыройын, қажеттiлiгiн арттыру үшiн де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар. [3]
Имидж (Бедел) туралы[өңдеу]
Адамда сана-сезім , “ мен ” сезімі пайда болғаннан бері және басқа біреуді өзіңе тән қабылдау қабілеті қалыптасқаннан бері, имидждік сұрақтар пайда болады: мен басқа біреудің көзіне қалай көрінемін? Ол мен туралы не ойлайды? Қалай бағалайды? Салыстырмалы түрде, ерте адамзат тарихында да, имиджге тән жұмыспен айналысатын мамандар ерте пайда болды. Имиджің бірінші теоретигі ретінде Макиавеллиді санайды.
Адамның имиджі[өңдеу]
Адамның имиджі – ол оның әлеуметтік эгосы. Біз әрқашанда өзіміздің жақындарымыздың көз алдында болғымыз келеді, сонымен қатар бөтен адамдардың көңілін аулағымыз келеді, жақындарымызға өзіміз туралы жақсы ой қалдырғымыз келеді, осының бәрі – туа біткен тілек. Егер адам қоғамда көп уақытын өткізіп, соның өзінде оны ешкім байқамайтын болса, одан артық жазаны ойлап табу мүмкін емес шығар. Бір сәтке елестетіп көрелік, егер сіз кіргенде, сізге қарай ешкім бұрылмаса, сіздің сөзіңізге ешкім жауап бермесе, сіздің істеріңізге ешкім көңіл бөлмесе, мүлдем сіздің баршылығыңызды елемесе, сіз өзіңізді қалай сезінетін едіңіз?
Имидж сипаты[өңдеу]
Адам (топ, ұжым), және оның сауда, саясат, әлеует жаққа бағытталған жұмыстарының нәтижесі : идеялары, тауарлары, кызметі, осының бәрі имидж объектісін құрады. Имидж объектісінің түсінігі оның мазмұнына қарай сәйкестенеді. Имидж объектісі ретінде, біраз адамға белгілі бір әсер қалдыра алатын кез келген нәрсе санала алады. Әсірісе әлеуметтік әсер өндіру қабілеттілігі, имидж объектісінің негізгі қасиеті болып табылады.Сана-сезімінде берілген имидж объектісі қалыптасатын адамдар (мақсаттық топтар, тұтыну базар сегменттері, сайлаушылардың категориялары) – имидж субъектісі болып саналады. Ереже бойынша, имидж субъекті коллективті болып келеді.
Имидж тану[өңдеу]
Алғашқыда, экономика саласында бұл түсінікпен практикалық аспектте, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетел экономисттері белсенді жұмыс істей бастады. Алпысыншы жылдары американдық экономист Болдуинг айналымға «имидж» түсінігін енгізгені белгілі, сонымен қатар оның іскери үлгерімділікте қажеттілігін негіздеді. Нәтижесінде имидж жаңа пайда бола бастаған саясаттанудың кару-жарағына айналды, оның мамандары имиджированиені өз жұмысының басты құрастырушысы ретінде қабылдаған болатын. Қазіргі заманда кәсіпкерлік және саяси іспен айналысатындарда, имидж өтетін тауар болып есептелінеді. Кәсіпшілік имиджированиенің үнемі өсіп жатқан сұранысына байланысты, «имиджмейкер» деген жаңа мамандықтың пайда болуына мүмкіншілік туды. Яғни, тұлғаның имиджін және әр түрлі іскери, саяси құрылымдармен айналысатын маман.
Имидждің тағы бір қыры[өңдеу]
Ағылшын тілінен аударғанда «имидж» сөзі — бейне немесе бейнелеу деген мағынаны білдіреді. Онда, шын мәнісінде бұл қасақана жасалынатын тұлға немесе әлеуметтік құрылым жайлы әсер, әсіресе әсер, ойдың орынды іс фактісі сияқты баға емес. Имидж көп жағдайларда алғашқы сатысында, яғни жалпы мәліметті шолып өту кезеңінде аяқталады . Имидж аңдаусыз санада орналасады деп айтуға болады. Сонда адамдардың оны түсінудегі тиімділігі неде және кандай себеппен ол адам санасында біраз уақытқа сақталып қалады? Имидж , нақтылы психологиялық өнім сияқты , құнды стереотип есебі ретінде алынады, сонымен қатар әлеуметтік құрылғы ретінде есептелінеді және талпындыратын арман болып саналады.
Имидждің әсері[өңдеу]
Имидж – ұлғайтқыш әйнек сияқты, адамның дербес және іскери қасиеттерін қоғамға әлдеқайда жақсы көрсетуге мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті қарым-қатынасқа ыңғайлылық әкеліп, жұмыс орнында жағымды жағдай жасауға болады. Менеджерлік қызмет ұйымдастыру мен клиенттермен жұмыс жасайтын адамның жағымды болмауына мүмкіншілік бермейді. Бүгінгі күнде, магнит сияқты тартымды менеджер болу өте қиын, бірақ сондай болуға тырыспайтын адамда одан да көп қиындықтар туындайды. Имиджеология – аса маңызды прагматикалық тәртіп. Блез Паскаль «көндіру тәсілі» мен «ұнау тәсілі» туралы жазған, және оның айтуы бойынша, соңғы тәсіл адамға ықпал етудің ең тиімдісі екен.
Қайталап айтсақ[өңдеу]
Имидж — өнер ретінде мақсатты түрде адамның өзін, не бұқаралық ақпарат арқылы белгілі бір зат немесе адам жөніндегі керек мәліметті бейнелеп көрсету.
Оған жарнаманы да қосyға болады. Имидж қолданбалы өнердің құрамдас бөлігі және бедел мен абыройын, қажеттілігін арттыру үшін де қажет. Сондай-ақ, имидж әлеуметтік-саяси бағытта да адамның бағасын арттыруға ықпал етер маңызы бар.[4]
Дереккөздер[өңдеу]
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- ↑ Қазақстан: Ұлттық энцклопедия. 4-том — Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998. — ISBN 5-89800-123-9.
- ↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- ↑ Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
kk.wikipedia.org
Эмоция. эмоцияның дамуы және қалыптасуы
«Эмоция» ұғымының төркіні – «емовера» деген латын сезінен, «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні – тітіркендіру, толқу. Бұл – жан дүние-сінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларынық көрініс беруі.
Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың айналасындағы ақиқатқа жэне адамдарға нақты эмоционалды қатынасты қалыптастыруды болжайды.
В.К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан – эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоциялардың теориялық мэселелеріне Л.С.Выготский көп көңіл бөлген. Ол эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі емес оны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын оятады және реттейді.
П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көніл-күй, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне арналган эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сьңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке түлганың нақты заттық бағдарға ие тұрақты қатынастарын, яғни махаббат жэне жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім-тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нэтижесі ретінде онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:
а) жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
ә) жаманға мойынсынбауы;
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның қоршаған адамдармен езара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне байланысты.
А.Н. Леонтьев, Л.И. Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарының пайда болуымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасу барысында баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген қорытындыға келді.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен, қабылдаумен, киялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды жэне эмоционалды аймақты бөліп қарастыруда.
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл білімдер эр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе психологияда бүгінгі күні кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады, бірақ қазіргі кезеңцегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде
Күрделі эмоциялар. Күрделі эмоциялардың бірі – көңіл. Кейпіне қарап адамдарды шат, жайдары, жылы жүзді, ақжарқын, не көңілге кірбің кіру, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады. Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілі де көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, жүйке жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді. Өмір-тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адам көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе (жоғары оқу орнын бітіру, диссертация қорғау т.б.), шат-шадыман күйге түседі. Керісінше, ол ылғи да сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «Көңілсізден күлкі шықпас», «Адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік-жігері күшті, рухани өмірінің мазмүны бай адамдар, тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау ерік-жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете білуі тиіс. Осы айтылғандардан өмір сүруге қолайсыз кездерде де көңілді ыркына жібермеуге болатындығы, көңілдің тұрақты болуы жүмыс қабілетін арттыруға, адамның жекс қасисетінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көціліне меңгере білу – мүғалім үшін аса қажетгі сипат. Төмснгі сынып оқушыларының мүғалімінің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мүғалім көңілсіз кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді. Эмоцияның бір түрі – аффекттер. Аффекттер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі. Аффекттер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлі қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында етед. М. Ю. Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффектіні былайша суреттейді:
Орынсыз жан таласын кейде бекер,
Жұламын итмұрынды қолым жетер…
Сонан соң әлім кетіп жерге қүлап,
Еңіреп егіл-тегіл, жаттым сұлап.
Кеміріп жердің дымқыл топырағын,
Шықтай қып жерге төктім жасты-ай бұлақ.
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді. Дені сау адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл – адамның өзін меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі. Ерік-жігері күшті адам мүндай ұшқалақтыққа, лепірмелікке бармайды. Ондай адам не істесе де ойланып істейді. «Ар-ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнерсіздің қылығы өле көрмек», деп Абай дұрыс айтқан.
Дені сау адамдардың аффектісінен психикасы ауруға шалдыққан адамдардың аффекттерін (патологиялық аффекттер) ажырату қажет. Мұндай аффекттер ми қабығы мен қабық асты орталықтарының байланысы бұзылғандықтан, екінші сигнал жүйесінің реттеушілік рөлі кемігендіктен болады. Аффекттерді тәрбиелеу адамның жеке басын тәрбиелеумен тығыз байланысты мәселе.
Құмарлық – адамның ойы мен әрекетінің негізгі бағытына із қалдыратын күшті, терец, тұрақты эмоция. Құмарлық өзінің қоғамдық мәнімен бағаланады. Егер ғылым мен өнерге, еңбекке құмарлықты ұнамды десек, дүние құмарлық, бақ құмарлық, ойын құмарлықты ұнамсыз құмарлық дейміз. «Құмарлық кісіге жүк артады, міндеттілік туғызады, міндет борышты етеді, бұлар еңбекке жүктейді, ецбек ғылым мен өнерге ашылған жол, – деп Абай адамға қажетгі құмарлықтың психологиялық табиғатын көрсеткен. А.С. Пушкин.
Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ
көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде, оған жаны аіыып жылаған. Төрт жасар бала анасы кітаптан иттің кірпіпі ұстап алайын деп түрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда оғары сезімдердің (моральдық, эстетикалық) элементтері кездеседі. Мәселен, осы
жастагы баладан: «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең,
«Сұраусыз алсаң, ұры атанып ұсталасың, жаза тартасың» – деп жауап
береді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық кұбылыстары, әсіресе, ерік-жігері дамып жетілмеген. Осы жағдай оның эмоциясына да тән. Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшелігі – тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жолы болып табылады. Төменгі сынып оқушылары да (әсіресе, бірінші, екінші сыныптағылар) аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те жайдары, ақ көңіл де сенгіш, аңқау да, әділ болып келеді. Олар кез-келген нәрсенің бәріне таңырқап, қызықтайды және өзінің қатынасын белсенділікпен білдіріп отырады. Бала сабақ үстінде де бірқалыпты отыра алмайды. Өйткені өзіне ие бола алмай, сезімінің жетегіне еріп кетеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін, не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар жүйкесі қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мүндай қылықтарынан арыла бастайды. Мүғалімнің ерік-жігер тәрбиесін қосарластыра жүргізуі оқушыларға көп көмек көрсетеді. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін бір қасиет бар. Мәселен, біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреу сөйлесе, қалғандары да оған қосылады. Бірінші сынып оқушыларының сезімдері, көбінесе тікелей қажеттеріне байланысты туып отырады. Жылау, күлу, қамығу, ұялу – бәрі де олардың қажеттерінің өтелу-өтелмеуінен туатын эмоциялар. Мұндай жағдайда оны ақылмен иландыру қиын. Мүмкіндігінше болашақ қажетінің өтелу жағын ойластыру керек. Бүл жай оқу процесін балалардың сезіміне тікелей әсер ететіндей етіп ұйымдастыру қажеттігін еске салады.
Мектепте баланың жоғары сезімдері одан әрі дами түседі. Әрине, баланың жоғары сезімдерінің негізі мектепке дейінгі тәрбиеде қаланады. Осы кезде балада біреуді жақсы көруі (көбінесе, ол өзін жақсы көрген адамды ұнатады), тіл алғыштығы, біреудің айтқанын тыңдағыштығы байқалады. Бала жақсы адамдардай болғысы келеді. Мәселен, космонавтарға еліктеп, солардай болсам екен деу – кез-келген баланың арманы.
Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді
baribar.kz